Главная > Пресс-центр > СМИ о проекте > «Қордай асуын айналып өту» жол қозғалысы ашылды
СМИ о проекте
Версия для печатиВерсия для печати
01/11/2018 г.
«Қордай асуын айналып өту» жол қозғалысы ашылды

2018 жылдың 31 қазанында Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Серикбекович Орынбековтың қатысуымен салтанатты түрде «Қордай асуын айналып өту» 162-260 шақырым аралығында, жалпы ұзындығы 80 шақырым құрайтын жаңа жолдың екінші жартысында жол қозғалысы ашылды.

Шараны өткізу барысында аудан әкім орынбасары  қатысып отырған құрметті қонақтар мен аудан тұрғындарын қошеметтеп, қайта құру жобасының барлық қатысушыларына алғысын білдірді. Іс-шара аясында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шараға облыстың БАҚ және копшіліктің назарын тартты.

Жоба мердігер мекеме «Казахдорстрой» ЖШС күшімен ІІ кезеңде атқарылды, оның:

І - кезектегі 40 шақырым 2015-2017 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 8,527 млрд.теңгеге салынды. Тапсырыс беруші «Жамбылжолзертханасы» РММ болып табылады.

ІІ - кезектегі 40 шақырым 2017-2018 жылдарда республикалық бюджеттен 9,240 млрд. тенгеге салынды. Тапсырыс беруші «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ЖОФ болып табылады.

Жобаны жүзеге асыру кезінде 400-ден аса жұмысшы және 200 дана жол-құрылысы техникалары жұмылдырылды.

Жоба аясында 2 шағын ЖПБ, 1 Жол-патруль қызметі бекеті., 1 ауылшаруашылық техникалары өткелі қарастырылды.

Жаңа бағыттағы Қордай асуының айналма жолы Жамбыл облысының Қордай ауданының аумағымен, барлық елді мекендерді айналып, өтеді. Бүгінгі күнге дейін пайдаланылып келе жатқан автомобиль жолы Сарыбұлақ, Бетқайнар, Қордай, Алға елді мекендері арқылы өтіп, жалпы ұзақтығы 100 шақырымды құрайтын болса, жаңадан  І-б санаты етіп салынған Қордай асуын айналып өту жолының  артықшылығы, ұзақтығы 20 шақырымға қысқартылды және елді мекенсіз, жүргіншілердің уақытын анағұрлым қысқартып отыр.

Сондай-ақ, Қордай асуының ұзақтығы 17 шақырымға (60%) қысқартылды, қолданыстағы асудың ұзындығы 27 шақырым болса, жаңа І-техникалық санаттағы жолдағы асудың ұзындығы 10 шақырым.

 Сонымен қатар, ағымдағы жылы  «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің жалғасы ретінде ұзындығы 16 шақырымды құрайтын «Отар-Ұзынағаш» автожолының І-б техникалық санатты болып құрылысы басталды. Жобаны іске асыру уақыты 2018-2021 жылдар.

www.kazautozhol.kz

 

 

 

 

 

 

«Важное значение имеет завершение строительства казахстанского участка международного автомобильного коридора «Западная Европа - Западный Китай». Это действительно народная стройка века».
«Мы ставили задачу развивать инфраструктуру. И это оказалось нам по силам. В настоящее время мы возрождаем Новый Шелковый путь. Мы открыли доступ к странам Персидского залива и Большого Востока. Мы распахнули восточные ворота, проложив путь на рынки Китая и всего Азиатского континента». «Стратегия «Казахстан-2050».
 
 
Послание Первого Президента РК - Елбасы, 2012 г.

 

 

 

 

«Исполнительной власти нужна полная, качественная программа «Нурлы Жол». Это стратегический проект, благодаря которой будет затронута вся транспортная инфраструктура».

 

 

 

 

Стратегия 2050

 

 

 

 

Проекты "ЗЕ-ЗК"
Проекты "Нурлы жол"
Закупки
Объявления
Пресс-центр
Мультимедиа
Вопросы и ответы Контакты